Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі.Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады, Мемлекеттік тіл –мемлекетіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған.
Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындап, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен байланыса алады.Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі – ұлттың тілі Ана тілін жақсы білу-әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі .
Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен даму үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. «Ана тіліміз – асыл мұра».Тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдің қасиеті, ұлттың болмысы. Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелең ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс.
З.ТалмҰханбетова, Қордай аудандық соты әкімшісінің бас маманы