«Мен-болашақ ұрпақпын!»

0

«Жастар-еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі естиміз. Елімізде әрбір оқушы білім алуға міндетті. Себебі, білім өмірде ең басты қару болып табылады. Біз болашағымызды қазірден бастап ойлауымыз керек. Сондықтан бәсекеге төтеп беретін білімді, алғыр, саналы, тәртіпті азамат болу біздің парызымыз. Мен –  мектеп оқушысымын, бірақ менің мойнымда үлкен азаматтық жауапкершілік бар. Мен ертеңгі болашақты жоспарлап құрушылардың бірімін. Бүгінгі алған білімім арқылы ертеңгі болашақтың тұтқасын ұстар тұлғалы азаматы болуға ұмтылып жүрген ұланмын. Жұдырықтай жүрегімнің төрінен орын алған ұлтжандылық, патриоттық сезімімді шыңдай жүріп, болашақта елімнің туын асқақтататын азамат болуды армандаймын. Тәуелсіз елімнің кірпіші болып қалана жүріп, үлкен жаңалықтар ашып, әлемдік деңгейдегі жобаларды ойлап тауып, Қазақстанның абыройы мен беделін асқақтатсам деймін. Болашақта ата-анамның үмітін ақтар, ұлтымның мақтаны болар, елімнің өсіп-өркендеуі мен дамуына ықпал етер, халқымның игілігі мен бақыты үшін тер төгуден аянбайтын перзенті боламын дей отырып, өзімнің ойымды түйіндеймін.

Бахтияр Әлтайыр,  «Авангард» бастауыш мектебінің 3 «Ә» сынып оқушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.