Министр «Қордай» кеден бекетінің құрылыс жұмысымен танысты

0

Бүгін ауданымызға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов арнайы келіп, «Қордай» кеден бекетінің құрылыс жұмысымен танысты. Құрылыс алаңын аралау барысында халыққа қызмет көрсететін орындардың, әсіресе азаматтарды бақылау-өткізу пунктеріне ерекше көңіл бөлді.
Мамыр айында осы мақсатта ауданға келіп, екі ел арасында азаматтар мен көлік құралдары көп өтетін пунктердің бірі болғандықтан, халық үшін барлық жағдайлар жасалу қажеттігі туралы құрылысқа жауапты мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бүгін, осы жұмыстардың орындалу барысын бақылап, қосымша ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, Б.Атамқұл республикалық мәндегі автомобиль жолдарының қыс мезгіліне дайындық барысы мен «Отар-Ұзынағаш», «Мерке-Бұрылбайтал», «Балқаш-Бұрылбайтал» сынды республикалық автожолдардың құрылыс жұмыстарына да тоқталып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.