Мемлекеттік корпорацияның Жамбыл облысы бойынша филиалының АХАТ бөлімдерінде, Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін отбасы күніне орай салтанатты неке қию рәсімдері өтті.
Бұл күні ондаған жас жұбайлар шаңырақ көтерді. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жас жұбайларды құттықтап, неке куәліктерін табыс етіп, отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
«Отбасы — қоғамның іргетасы, рухани тірегі және махаббат пен келісімнің қайнар көзі. Жаңа отбасылардың құрылуының Отбасы күнімен тұспа-тұс келгенінің символдық мәні бар. Олардың әрқайсысы күш пен бақыттың үлгісіне айналсын», — деп филиал тарапынан атап өтті.
АХАТ мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың сегіз айында облыста 3 мыңнан астам неке тіркеліп, 13 мыңнан астам баланың тууы тіркелді, бұл отбасы институтының нығайту өзектілігінің тағы бір дәлелі.
Еске сала кетейік, некені тіркеу туралы өтінішті АХАТ бөліміне, электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Өтінімдерді қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. 2024 жылдың шілдесінен бастап жас жұбайлар облыстың барлық басқармаларында неке қиюды салтанатты түрде тіркеу қызметін, сондай-ақ үйден тыс неке қию рәсімін ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болады.
Сымбат Дощан, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша Филиалының Қордай аудандық АХАТ бөлімінің бас маманы