Жамбыл облысыныѕ әкімі Нўржан Нўржігітовтіѕ Ќордай ауданына жўмыс сапары Сарыбўлаќ ауылындаєы “Самєау” шаруа ќожалыєыныѕ жўмысымен танысудан басталды.
Биыл 350 гектар алқапқа жүгері, 100 гектарға күздік бидай, 30 гектарға арпа еккен қожалық тамшылатып суару технологиясын тиімді пайдалануда. 6 бірлік техникасы бар шаруашылықта 15 адам жұмыспен қамтылған.
Алғашқылардың бірі болып егінге орақ салған қожалық басшысы Евгений Трубников әр гектарына 30 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Жүгері алқабына тамшылатып суару жүйесін енгізген ол судан тапшылық көріп отырғанын жеткізді. Су мәселесі шешілсе, суармалы егістік алқабын ұлғайтпақ.
— Су мәселесі жылдан жылға қиындап барады. Көрші елден қажетті су Киров су қоймасынан босатылғанымен ол бәріне жетпейді. Сол үшін ұңғыма қазып егіс алқаптарын тамшылатып, жаңбырлатып суаруға алмастыру қажет. Сол кезде ғана ағын суға деген тәуелділіктен арылып, жерді тиімді игеруге болады. Көп шаруа қожалықтары қазір ұңғыма қазып алып су мәселесін өз беттерінше шешуде,- деді облыс әкімі.
Шаруа қожалық сұранысын ескере отырып каналдарды жөндеу, бетондау жұмыстары кезең-кезеңмен жалғасатынын айтты.
Келесі кезекте аймақ басшысы Қордай ауылы «Батыс» ықшам ауданында салынып жатқан №3,4,5,6 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйлерді көрді. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес ағымдағы жылы тамыз айында аяқталуы тиіс. Дегенмен, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға қосымша қаражат қажет.
Нысандар пайдалануға берілгенде ауданда үй кезегінде тұрған 240 адамның баспана мәселесі шешілмек.
Облыс әкімі тұрғын алқаптағы бұған дейін тапсырылған көпқабатты тұрғын үйлерді тексеріп, құрылысының сапасыздығын сынға алды. Аудан әкімдігіне мердігердің жауапкершілігін қарау, кемшіліктерді реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Аумақты абаттандыруға қатысты да бірқатар ескертпелер білдірді.
Осы ауылдағы «EСO CHIKEN» кооперативі 12 модульді құс фермасын орнатқан десек, жыл соңына дейін тағы осындай 8 нысанды іске қоспақ. Нәтижесінде құс етін өндірудегі жалпы қуаттылық 520 тоннаға жетеді деп күтілуде. Бұл аудан тұрғындарын құс етін тұтыну көрсеткішінің 10 пайызын құрайды. Бұдан бөлек мұнда 2025 жылға дейін қосымша 20 модульді құс фермасын салу жоспарлануда. Ол кезде 76 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Қазіргі таңда әрбір құс фермасында 1,5 мың балапан бағылуда. Негізінен өнім Алматы қаласы мен Қордай ауданындағы сауда орталықтарында өткерілуде. Ферма басшысы іргесіндегі бос жерге жылыжай және 800 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу, сонымен бірге балық шаруашылығын қатар алып жүру жоспарының барын айтты.
Облыс әкімі ферма жұмысын оң бағалап, қажетті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.
Аймақ басшысы «Қордай сүт өнімдері» ЖШС де болып зауыт жұмысымен танысты. Зауыт директоры Ислам Давуздың айтуынша, зауыттың жылдық қуаттылығы 800 тонна екен. Онда 40 адам жұмыс істейді. Өткен жылы 1215 тонна сүт өнімдерін өндірген.
Келесі кезекте аймақ басшысы «Нуну» шаруа қожалығының жұмысын көрді. Қожалық жетекшісі Санщи Нунудың айтуынша, шаруашылық 27 гектар алқапты игеруде. Қазір сәбіз қазып жатыр. Оның килограмын 100 теңгеден алқап басынан өткеруде. Сәбізден жалпы 35-40 тонна өнім жинаймын деп жоспарлауда.
Отбасы кәсібін жерден тауып отырған шаруа балаларын да осы кәсіпке баулуда.
— Ауыл шаруалығы өніміне деген қазір сұраныс жоғары. Сіздер сияқты еңбек адамының өнімі жерде қалмайды. Халықты азық-түлікпен қамтитын өздеріңіздей шаруаның көп болғаны жақсы. Аз жерден мол өнім жинау — үлкен жетістік, — деді Нұржан Нұржігітов.
Өңір басшысы Ауқатты ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылындағы №45 негізгі, Ауқатты елді мекеніндегі №9 орта мектепте болды.
Бәйтеректегі негізгі мектеп ғимаратының тозығы жеткенін ескерген облыс әкімі оқу ордасының ғимаратын жаңадан салу мәселесі алдағы жылы шешілетінін атап өтті.
Ал Ауқатты ауылында облыс әкімін мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Осында білім алған Нұржан Нұржігітов сынып бөлмелерін аралап, сыныптастарымен кездесіп, мектептің материалдық жағдайымен танысты. LED экран арқылы шет елде тұратын ұстазы Галина Кривошееваның жылы лебізін тыңдап, сыныптастар суретін тамашалады. Аулада ауыл қарияларымен кездесіп, балалық шақтағы қызықты естелігімен бөлісті.
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді.
Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты.
Аймақ басшысы алдымен Масаншы ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауылдықтар көкейде жүрген өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар алды.
Облыс әкімі ауылда соңғы жылдары айтарлықтай оң өзгерістер орын алып, көптеген жұмыстар атқарылғанын айтып, басқа да мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Дәл осындай кездесу Қордай ауылында да өтті.
— Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өздеріңізбен кездесіп отырмыз. Бұған дейін облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдер тұрғындармен 375 кездесу өткізді. Жергілікті халықпен кездесіп, ой-ұсыныстары мен мәселелерін тыңдау, оларды заң аясында шешу үшін шаралар қабылдау бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Біз сіздерді тыңдауға қашан да дайынбыз,- деді Нұржан Нұржігітов өз сөзінде.
Сұрақ-жауап кезегінде тұрғындар көгілдір отынды үйге тарту құнының қымбаттығын, ауыз су, тыңайтқыш тапшылығы, музыка мектебін салу, жаңа музей ғимаратының құрылысын жүргізу және тағы да басқа мәселелерге назар аудартты.
Аймақ басшысы кездесулерде көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынатынын атап өтті.
Басқосудан соң облыс әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
— Біз еліміздің өркендеуін қаласақ заңдылық пен тәртіпті сақтауға тиіспіз. Халық пен билік өзара түсінісіп, екі жақты жауапкершілікті сезінгенде ғана мәселелерді шешуде нәтижеге қол жеткізе аламыз,-деді Нұржан Нұржігітов.
Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі