ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА

0

Серсенбі күні Қордай ауданына келген Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров сапары барысында «Қарасу» және «Қордай» шекара бекеттерін аралап, бірқатар маңызды мәселелердің мән-жайын анықтады.

 

Айта кетсек, іс-шара  Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов, Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет, Қордай ауданының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы және ұлттық қауіпсіздік комитетінің, шекара қызметінің, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Жұмыс сапары барысында «Қарасу» шекара бекетіндегі маңызды мәселелерді назарына алып, мамандармен сұхбат құрған Нұрғалым Әбдіров келесі кезекте жақында қайта жөндеуден өткен «Қордай» шекара бекетін аралады. Осы орайда ол нысанның реконструкция жұмыстарының нәтижесімен танысып, мұнда орнатылған жаңа құрылғылар мен арнайы жабдықтарды көрді. Сонымен қатар, Н.Әбдіров бұл жағдайдың барлығы шекарадағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыз тауар айналымының жолын кесуге бағытталғанын атап өтіп, шекарашыларға өз ұсыныстарын айтып өтті. Демек, мемлекет тарапынан қолға алынған бұл шаралардың барлығы шекара аймағында орналасқан Қордай ауданындағы криминогендік ахуалды оңтайландыруға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағытталуы тиіс екені айтылды.

Осыдан кейін облыс прокуроры аудан әкімдігінің ғимаратында бірқатар мекеме өкілдерімен жиын өткізіп, шекаралық аймақтағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуы жайындағы өзекті мәселелерді талқылады. Осылайша, саладағы маңызды мәселелердің мән-жайын анықтаған Нұрғалым Әбдіров аудандық прокуратура ғимаратында тұрғындарды қабылдап, сапарының соңында аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүргізілуімен танысты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.