Олжас Бектенов: Конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтып, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың сапасын арттыратыны анық

0

 

Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында конституциялық реформаның маңызын атап өтті.

💬Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз жариялаған конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтып, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың сапасын арттыратыны анық. Сондай-ақ ол жаңа сын-қатерлерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Сіз Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында орнықты әрі сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді айқындап бердіңіз.

Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын💬, — деді Олжас Бектенов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.