Өрт оқиғасының туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сонымен қатар тілсіз жаудың құрбанына айналатын адам өміріне қауіп төндіретін бірқатар себептер – мас күйінде темекі шегу, тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Жиі кездесетін жайт абайсыздықтың арты ұқыпсыздыққа айналуы мүмкін. Үйде, қылтимада немесе көшеде ойланбай тасталған сіріңке, темекінің тұтқылы – үлкен қасіретке айналуы мүмкін. Сондықтан кез келген азамат өрт қауіпсіздігі ережелерін, оның шығу себептерін және дұрыс әрекет жасауды білу қажет.
Өрт оқиғасын ескерту, адам өмірі мен дүние — мүлкін сақтау мақсатында Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі пәтерлер мен тұрғын бөлмелерде отты пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін естеріңізге салады.
Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерiнде:
1) балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды сақтауға;
2) төсекте темекі шегуге;
3) балкондар мен лоджиялардан темекi тұқылын лақтыруға;
4) плитада дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдыруға;
5) жанып тұрған шырақтарды желдiң өтiне қоюға;
6) жанып тұрған шырақтарды тез тұтанатын материалдардың қасына қоюға;
7) жанып тұрған шырақтарды қараусыз қалдыруға;
8) жанып тұрған шырақтарды балалар мен үй жануарларына қолжетiмдi жерлерде қалдыруға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
Құрметті Қордай ауданының тұрғындары! Естеріңізден шығармаңыздар, бейқамдық, отпен абайсыздық болжап болмайтын зардаптарға айналуы мүмкін.
Өрт болған жағдайда міндетті түрде «101»немесе «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыздар!
А. Әбіш, Қордай аудандық ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны