ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ІЗГІ БОРЫШ

0

Отанды қорғау әр азаматтың борышы. Бұл туралы ҚР Конституциясында ҚР азаматтары әскери  қызмет атқаруы туралы қағидалар, құқықтар мен міндеттер айтылған 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының №561-IV Заңына, 2023 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери  қызметке кезекті шақыру туралы» №120 Жарлығының негізінде аудандағы қорғаныс бөлімінде ағымдағы жылда 18 жастан 27-ге толмаған және шақыртылу бойынша белгіленген әскери қызметтерін өтемеген азаматтарды алдын ала зерттеп, мерзімді әскери қызметке іріктеу және дайындау жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймын.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 387 бабымен әскери қызметтен жалтару үшін қылмыстық жауапкершілік қаралған. Жоғарыда аталған ҚР ҚК 1 бөлімімен заңды негізсіз әскери қызметтен жалтарғаны үшін жауапкершілік қаралған – 1000 АЕК көлеміне дейін айыппұл салу немесе сол көлемде түзету жұмыстары, бір жылға дейін бас бостандығынан айыру. Әскери қызметтен жалтарғаны үшін 2 бөлімінде қылмыстық нышандар құрамын ауырлататын жағдайлар мен өз денсаулығына зиян келтіру арқылы, аурумын деп сылтаурату немесе жалған құжаттар жасап және өтіріктің басқа түрлерін айту 3000 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады немесе сол көлемде түзету жұмыстары немесе үш жылға бас бостандығын шектеу, я болмаса сондай мерзімге бас бостандығынан айыру қаралған.

Мерзімді әскери қызметке алынатын жасы келген азаматтар шақыру қағазын күтпей-ақ, өздері қорғаныс істері жөніндегі бөлімге алдын ала ұйымдастыру, іріктеу және дайындау және медициналық комиссиядан өту үшін келуі тиіс. Жанында жеке куәлігі, білім туралы құжаттары, үйленген және бір немесе одан көп балалары барларға – жұбайының жеке куәлігінің түпнұсқасы, неке туралы куәлік, балалардың туылуы туралы куәліктері болуы қажет.

 

Н.Мелдебеков, Қордай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.