ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ПАРЫЗЫҢ!

0

Сәрсенбі күні Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Күзгі әскерге шақыру науқанының орындалуын талқылау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Маңызды жиынға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай жетекшілік етіп, ауған соғысының ардагері, генерал-майор Әлімжан Ерниязов, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Нұрбол Зейнелов, қорғаныс істері жөніндегі басқарма және бөлім өкілдері, бөлім және мекеме басшылары, округ әкімдері, этномәдени бірлестік төрағалары, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен жастар ұйымдары қатысты.

Жиын барысында, комиссия төрайымы Дамира Маратқызы 2024 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны барысына шолу жасап, орын алған кемшіліктерге тоқталды. Алдағы уақытта жалғасатын күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде кемшілік жібермеу мәселелері қаралды. Ал, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Нұрбол Қуантқанұлы жиынға қатысқан тиісті басшыларға жіберілген кемшіліктерді қайта болдырмаудың жолын қарастырып, күзгі әскери қызметке шақыруда сапалы жұмыс жасауға үндеді. Жан-жақты мәселелерді талқылаған жиында аудандық бөлімдердің де жұмыс тары сараланды. Сонымен қатар, Сортөбе ауылдық округінің әкімі Р.Фушанло, Масаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Ғ.Қарасартов, Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Әбенов, Степной ауылдық округінің әкімі А.Кенжебаев, Жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Е.Бекқұлов, Ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Қарабаев, дүнген этномәдени бірлестігінің жетекшісі В.Воинце, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі К.Дургалова, жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары А.Исраилова тақырып аясында баяндама жасады.

Отанымыздың тірегі – Қарулы Күштер екендігі даусыз. Оның дамуына тек әскерилер ғана емес, Ата заңда атап көрсетілгендей, еліміздің әрбір азаматы жауапты. Ел егемендігін қорғау, оның сенімді сақшысы болу: «Мен қазақпын! Мен қазақстандықпын!» деген әрбір азаматтың сенімі мен адалдығына сын екендігі сөзсіз. Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін азаматпын деп санайтын, кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы екенін ұмытпаған жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.