Қылмысқа қарсы шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру ұзақ мерзімді процесс болып келеді. Бірақ жеке деңгейде әрбіріміз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы — ниет пен ерік.
Азаматтық қоғам анағұрлым ашық және белсендірек бола бастады. Мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бірге арнайы мониторингтік топтар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда. Форматында 180-нен астам мемлекеттік мекеме жұмыс істейтін open space енгізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген «Digital Agent» және «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» it-өнімдері Қазақстандағы кез келген адамға мемлекеттік сервисті жақсартуға және жеке телефон арқылы бюджеттің шығыстарын, құрылыс сапасын, жолдар жөндеуін бақылауға теңдесі жоқ мүмкіндіктер береді.
Бизнес-қоғамдастықтар айтарлықтай дамуда. Бизнесті және инвестицияларды қорғауға арналған «Protecting Business and Investments» жоба шеңберінде 300-ден астам компания жұмыс істейді. Олар өзіне парасыз – адал бизнесті жүргізуге міндеттеме алды.
Болашақ ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту үшін еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары ашылды. Орта арнаулы және жоғарғы оқу орындары деңгейінде академиялық адалдық қағидаларын және олардың қызметінің ашықтығын нығайтуға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасы іске асыруда.
Мемлекеттік қызметшілердің санасын трансформациялау мақсатында Мемлекеттік басқару академиясы ауыл және аудан әкімдерінің көпшілігін жобаларды басқару, тиімді коммуникациялар, этика және адалдыққа үйретті.
Сондықтан, олардың жұмысының ашықтығы мен клиентке бағдарлануының нақты ұлғаюын көре аламыз.
Адал қоғамды құру шағын бастамалардан басталады. Солардың бірі сатушылары жоқ адалдық дүкендерінің ашылуы болды.
Барлық бастамаларымыз Мемлекет басшысы әділ атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың міндеті деген ұғымды әрбір қазақстандықтың сана-сезіміне жеткізуге бағытталған.
Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан адал өңірлер» республикалық жобасын Adaldyq alańy жүзеге асыруда. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартқысы және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойғысы келген әрбір ынтасы бар адам оған қосыла алады. Тек азаматтардың белсенді қолдауымен жоба жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа айналады.
Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік — тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары.
Р.БЕДЕЛБАЕВ,
«Adaldyq alańy – Qordai» жобалық
кеңесінің жетекшісі