2025 жылғы 20 желтоқсаннан 2026 жылғы 3 қаңтар аралығында Қордай ауданының аумағында «Пиротехника» атты жедел-профилактикалық шара өтуде.
Мереке және жаңа жыл күндері азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, өткізу және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында адамдар көптеп жиналатын орындарды тексеруге ерекше назар аударылуда.
ҚР ӘҚБтК 483 бабының 1-ші бөлігі бойынша (Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы);
ҚР ӘҚБтК 483 бабының 1-ші бөлігі бойынша (Қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу орындарынан тыс жерлерде және (немесе) қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзу;
ҚР ӘҚБтК 196 бабы бойынша (Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы БАҚ-та жарияланып, республикалық және облыстық телеарналарда хабарлар көрсетіледі.
Қордай аудандық полиция бөлімі