РАХИТ АУРУЫ

0

Рахит – Д дәруменінің жетіспеушілігінен және күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз болуынан пайда болатын ауру түрі. Дәрігерлердің айтуынша, көбіне күз және қыс мезгілінде дүниеге келген нәрестелер мен екі жасқа дейінгі балалар шалдығатын көрінеді.

Негізінде бұл дерт ауру белгілеріне қарай, алғашқы, екінші реттік (қайталанған) және үшінші кезең болып үшке бөлінеді.
Егер де, науқаста: мазасыздық, тершеңдік, желке бөлігіндегі шаштардың түсіп, асқа деген тәбеті болмайтын болса, онда, бірінші кезеңге жатады. Мұндай уақытта міндетті түрде дәрігерге көрсету керек. Аурудың алдын алып, ертерек ем алса, науқастың жазылуына үлкен мүмкіндік туындайды.
Екінші реттік (қайталанған) кезеңдегі науқаста: ұзақ уақыт дәрі қабылдағаннан, бауырдың қызметі бұзылғаннан және гендердің мутациясынан (өзгеруінен) туындайды.
Үшінші кезеңде – баланың иммунитеті әлсіреп, анемия болады, тістері мүжіліп, дене бітімі өспей қалады.
Негізінде баланың дені сау, әрі иммунитетінің мықты болуына ана сүтінің пайдасы орасан зор. Сондықтан да жаңадан туылған нәрестеге мейлінше емшек сүтін ұзақ емгізу керек. Ал, егер де, балада рахит ауруының белгісі бар екені анықталса, көбірек дене жаттығуы мен массаж қабылдату қажет. Бұл – қан айналу процесін жақсартады. Сонымен қатар таза ауаға көп шығарып, серуендету қажет. Сондай-ақ, ана жүктілік уақытында зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс, әрі пайдалы тағам жеуі тиіс. Себебі, іште жатқан баланың дені сау болып туылуы тікелей ата-анаға байланысты.
Әрбір ата-ана баласының денсаулығының мықты болып, ел қатарлы өскенін қалайды.Бірақ өкініштісі, ауру айтып келмейді демекші, барлығы біз күткендей, өз қалағанымыздай бола бермейтіні тағы бар.
Алайда, қашанда үміт үзбей, балаңызға қойылған медициналық сараптама бойынша аурудың алдын ертерек алып, әрекет жасау керек. Ақ халатты абзал жандар әрбір науқастың сауығып кетулері үшін қолдан келгендерінше көмек қолын созады.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.