СҰЛУТӨР АУЫЛЫНЫҢ ЕҢ ҚАРТ ТҰРҒЫНЫ ДАУЫС БЕРДІ 

0

Сұлутөр ауылындағы №261 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген ең қарт сайлаушы Әкімжан Әмірқожа болды. Жасы 94-ке келген қария сайлау учаскесіне өзі келіп, ауыл әкіміне дауыс берді. 

 

«Бүгін біздің ауылымыз үшін маңызды күн, ауыл әкімін халық таңдап, дауыс беруде. Барша жерлестеріммен бірге осы маңызды күні сайлау учаскесіне келіп, елімнің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Елімізде тек тыныштық пен татулық болсын. Сайлауға қатысу-әрбір тұрғынның парызы»,-деп Сұлутөр ауылының ең қарт тұрғыны Әкімжан ақсақал ізгі тілегін жеткізді.

 

✔️Жергілікті сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес сағат 10.00-ге дейін 30 пайыздан астам ауыл тұрғындары дауыс беріп үлгерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.