Қордай ауданында тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайту мақсатында ұйым-дастырылған «Тәртіпті өзіңнен баста» форумы Сұлутөр ауылында жалғасын тапты. Бұл шара жергілікті тұрғындарды, жастарды және қоғам белсенділерін біріктіріп, тәртіп пен жауапкершілік мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Форумға ауыл әкімі Нұрлан Байсал, ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы Бегзат Ибраимов, ауыл ақсақалдары мен аналар кеңесінің өкілдері, Сұлутөр ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Дәурен Әбдіразақ, сондай-ақ мектеп директоры Әсел Бақытқызы қатысты.
Форум барысында ауыл әкімі Нұрлан Айдарұлы сөз сөйлеп, Сұлутөр ауылында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғам-дық тәртіпті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол жастарды құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді атсалысу-ға шақырды.
Полиция капитаны Бегзат Ибраимов жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық-тың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, тұрғындарға заң талаптары мен жауапкершілік мәселелері жөнінде ақпарат берді.
Аналар кеңесінің мүшесі Мария Байзулаева ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін атап өтіп, отбасы құндылықтарының маңыздылығын жеткізді. Ол әсіресе жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттілігіне назар аударды.
Сұлутөр ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Дәурен Әбдіразақ мәдени шаралардың жастар тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып, ауыл тұрғындарын белсенді қоғамдық өмірге араласуға шақырды.
Ал ауыл мектебінің директоры оқушылар арасындағы тәртіп мәселелеріне тоқталып, мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығын атап өтті.