САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

0

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 19 шілдеге елімізде Covid-19-тың 1450 жағдайы тіркелген, оның ішінде 59 науқас Жамбыл облысында. Қордай ауданында коронавирустық инфекцияның 8 жағдайы расталды.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Иван Черныхтың айтуынша, аурухана медперсоналы сақадай сай. Бүгінгі күнге ауруханада 30 инфекциялық, оның ішінде 3 реанимациялық төсек-орын дайындалған. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауруды жұқтырғандарды емдеу үшін қосымша 20 орын ұйымдастырылған.
— Қазіргі таңда қоймада қажетті дәрі-дәрмек, 5500 бетперде, 56000 қолғап, 90000 респираторлар, 7500 жеке қорғану құралдары бар. Оған қоса аудан тұрғындарына «Pfizer» және «Казвак» вакциналарын егу жұмыстары жалғасуда, — дейді И.Черных.
Медицина қызметкерлері көпшілік жиналған орындарға бармауға, қажеттілігі болған жағдайда бетперде тағып, вакцинация мен ревакцинацияның толық курсын алуға кеңес береді. Бүгінгі күнге бұл өзіңізді және жақындарыңызды аурудан қорғаудың жалғыз тәсілі және жоқ дегенде аурудың оңай өтетіндігінің кепілі болып табылады. Біз бірігіп қана Covid-19 эпидемиясын жеңе аламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.