САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

0

13 мамырда Сұлутөр ауылындағы Т.Бигелдинов атындағы орта мектебінде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сұлутөр ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында №261 және №262 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өтті.

Оқу-семинарының жоспарына сәйкес, «Сайлау алдындағы үгіт, байқаушылар, сенім білдірген адамдар туралы», «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі», «Сайлау күні сайлаушыларды тізімге енгізу және сайлаушылардың құқығы», «Сұлутөр ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру күніндегі іс-шаралар реттілігінің алгоритмі туралы», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы», «Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы», «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағым жасау, оларға қаралған құқықтық жауапкершілік туралы» және «Төтенше жағдай және арыз-шағымды қарау алгоритмі туралы» тақырыптарында Қордай аудандық сайлау комиссиясының мүшелері түсініктеме берді.

Әр тақырып бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының мүшелері пікір білдіріп, тақырыптарды бекіту бойынша учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне кейстік және ситуациялық сұрақтар қойып, жауап алынды.

Семинар соңында оқылған тақырыптарды бекітуге арналған қорытынды тест алынды.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.