САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы
I тоқсанда атқарған жұмыстары туралы кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұл, Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев және мемлекеттік органдардың басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары, ауыл әкімдері, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының басшылық құрамдары қатысты.
Кеңейтілген отырыстың күн тәртібіне екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе – Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары туралы Қордай аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Э.Күмекбай баяндама жасады. Сонымен қатар, отырыс соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауын даярлау мен өткізу барысында жоғары белсенділік танытқан бірқатар азаматтар Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.