САРБАЗДАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

0

Гвардейск гарнизонындағы сапер полкінде жас толымдармен прокурор сағаты өтті.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының таралуына тосқауыл қоюды, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыруды, сонымен қатар, адамдар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттердің жолын кесу қажеттігін тапсырған болатын.
Осы орайда Гвардейск гарнизонындағы сапер полкінде жас толымдармен прокурор сағаты өтті. Онда әскери қызметшілер арасындағы жалпы әскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілігі мен әскери қызметшілердің қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігі жөнінде кеңінен айтылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу шарасына құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Олар жас сарбаздарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптарын жеткізіп, әскери тәртіпті қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ әскери бөлімдерде орналасқан сенім телефондары мен арыз-шағым жәшіктерін пайдалану тәртібін жеткізді.
— Бүгін жоспарға сәйкес прокурор сағатын өткіздік. Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараның сарбаздарға берер әсері мол. Жас толымдар әскери қызметін атқаруға дайын, олар қызмет жағдайымен қанағаттанады және жарғыдан тыс қарым-қатынас орын алған жоқ, — деді сапер полкі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Әділбаев.
Шара соңында жас сарбаздарға қылмыстық жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілер туралы бейнеролик көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.