ШАРТТЫ-ЖИНАҚТАУШЫ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ

0

1 қаңтар 2020 жылдан бастап жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (ОПВР) 5 пайыз мөлшерінде аудару енгізілді. Бұл нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы ҚР Заңымен қабылданды. Шартты-жинақтаушы жүйенің қатысушылары қызметкерлер болып табылады, олардың пайдасына жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыс берушілердің ҚМЗЖ (қызметкердің міндетті зейнетақы жарнасы) есептеу үшін қабылданған қызметкердің табысы мөлшерінен 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын (ҚМЗЖ) аударатын болады.
Жаңашылдық барлық жұмыс істейтін азаматтарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады. ҚМЗЖ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар негізінде жұмыстар мен қызметтерді орындайтын адамдарға; зейнеткерлік жастағы жеке тұлғаларға; әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдардың қызметкерлеріне; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға; өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға қолданылмайды.
Жұмыс берушілердің жарналары БЖЗҚ-ға түсетін болады, ол жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есепке алуды және әкімшілендіруді жүргізетін болады. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын болады.
БЖЗҚ-да жүйенің әрбір қатысушысы үшін шартты зейнетақы шоты ашылады, онда шартты зейнетақы міндеттемелері қалыптастырылатын болады.
Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар (63/63), сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер (мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе), ҚМЗЖ міндетті түрде кемінде 5 жыл (60 ай) төленген, ҚМЗЖ есебінен зейнетақы құқығына ие болады.
Зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы міндеттемелеріне және күтілетін өмір сүру ұзақтығына байланысты анықталатын болады.
Шартты-жинақтаушы жүйеден зейнетақы БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметінің нәтижелері мен жүйесінің қаржылық көрсеткіштеріне байланысты жыл сайын индекстелетін болады. Бұл төлемдер өмір бойы жүзеге асырылатынын атап өту маңызды.
Бұл жарналар жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізілетіндіктен, жұмысшының меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды және жарналардың сақталуы бойынша инфляция деңгейін ескере отырып мемлекеттік кепілдік таратылмайды.
ҚМЗЖ енгізу жұмысшылардың айлық табысын азайту үшін себеп болмау керек, себебі еңбек жағдайын және еңбекақы мөлшері еңбек шартында ескеріледі. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, кез келген өзгерістер жұмысшы мен жұмыс берушінің өзара келісімі бойынша еңбек шартына енгізілуі мүмкін.
Егер еңбек құқығы бұзылған жағдайда, жұмысшы еңбек инспекциясына жұмыс орны бойынша, не еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетіне 74-34-91, 74-35-72 телефондар бойынша (еңбек қатынастары басқармасы) жүгінуге құқығы бар.

А.БАЛАБЕКОВА, №1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.