«СПОРТ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»

0

7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №40 Отар әскери базасының спорт кешенінде «Спорт денсаулық кепілі» тақырыбында әскердегі жастар арасында кіші футболдан турнир өткізілді. Жарысты №40 Отар әскери базасының оркестрі салтанатты түрде ашты. Кіші футболдан өткен турнирге барлығы 9 команда қатысты. Тас-түйін дайындықпен келген барлық құрама командалардың ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті.

Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша жүлделі I орынды 21450 әскери бөлімінің командасы, II орынды 21742 әскери бөлімінің командасы және III орынды 30912 әскери бөлімінің командасы иеленді. Сонымен қатар ойында белсенді өнер көрсеткен құрама командалардың ойыншылары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің алғыс хаттарымен, жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен кубоктар, дипломдармен марапатталды.

Х.ӘЛІМХОДЖА, Жастар ісі жөніндегі инспектор

Leave A Reply

Your email address will not be published.