СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

0

Су айдын түріне және шомылу орнына қарай әр адам судағы жүріс-тұрыс ережелері мен қауіпсіздік шараларын білуі және бұлжытпай орындауға тиіс. Суға таңертең немесе кешке, яғни күн жылытып тұрғанда,  қызып кету қауіпсіздігі болмаған кезде түскен дұрыс. Судың температурасы 18-19 градустан төмен болмауы керек, ал ауа температурасы 20-25 градус болғаны жөн. Суда шомылу ұзақтығы ауа мен судың температурасына, ауа ылғалдылығы мен желдің күшіне байланысты. Суда шомылуға ең қолайлысы – ашық, желсіз ауа райы.

Ең қолайлы суға шомылу режимдері:

— судың температурасы 18 градус кезінде — 6-8 минут,

— судың температурасы 20 градус кезінде — 10-12 минут,

— судың температурасы 20 градустан жоғары  -15-20 минут.

Адам суда ұзақ шомылып, тоңған кезінде сіңір тартылуы мүмкін. Суда ұзақ жүзіп жүрген кезде пайда болып, көптеген жағдайларда қайғылы оқиғалардың себебіне айналады. Балтырдың бұлшық еттері тартылған кезде аяқпен қимылдауға мүмкіндік болмай қалады. Бұл кезде ауаны көп жұтып, тік тұрып суға басыңызды батырып, аяғыңызды түзеп тартыңыз, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты сілкі керек. Зақымдалған бұлшық еттерді уқалаған кезде жақсы әсері тиеді. Санның алдыңғы жағының бұлшық еттерін сіңір тартқан кезде аяғыңызды тізеңізде мүмкіндігіңізше бүгіп, санның артқы жағына қолыңызбен тартыңыз (қысу). Есіңізде болсын, тартылған бұлшық еттермен жұмыс жасасаңыз сіңірдің тартылуы тезірек кетеді. Егерде аяғыңыздың сіңірі тартылып, оны кетіре алмасаңыз, онда арқаңызға жатыңыз, қолымен жұмыс істеп, жағаға қарай жүзіңіз. Қолыңыз зақымдалған жағдайда аяғыңызбен жұмыс істеңіз. Ең бастысы, ұшыраған жағдайдан шығу үшін барлық күшіңізді жұмылдырып, қорқыныш пен үрейге орын бермеу қажет.

Қ.ДҮЙСЕН, Қордай ауданы ТЖБ аға анықтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.