Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына тежеу болатын, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кері әсер ететін қауіпті құбылыс. Мемлекет бұл індетпен жүйелі түрде күрес жүргізіп келеді. Соның бірі – Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы.
Бүгінде бұл заң тек мемлекеттік органдар үшін ғана емес, квазимемлекеттік сектор мен қоғамның барлық мүшелері үшін маңызды талаптарды бекітеді. Заңда көзделген нормаларға сәйкес, әрбір мемлекеттік қызметкер мен мемлекеттік орган өз қызметінде ашықтық пен адалдық қағидаттарын ұстануы тиіс.
Осы орайда, Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында аталмыш заңның 14-бабынан үзінді ұсынады. Бұл бапта мемлекеттік кірістер органдарындағы мүдделер қақтығысының алдын алу және болдырмау шаралары нақты көрсетілген.
14-1-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банк-терде шоттарды (салымдарды) ашуға, иеленуге, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу
- Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (мәслихат депутаттарын қоспағанда), лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банк-терде шоттарды (салымдарды) ашуға және иеленуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салынады.
Ескертпе. Осы тармақта көзделген шектеу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
- Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар лауазымға орналасқан немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар жойылған күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды) жабуға және (немесе) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар аумағында шоттары (салымдары) орналасқан және (немесе) шетелдік банк-те қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау жүзеге асырылатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы шет мемлекеттің құзыретті органдары қолданған тыйым салуға, билік етуге тыйым салуға байланыс-ты немесе осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың еркінен тыс еңсерілмейтін күш мән-жайларына (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай, банктік шот (салым) туралы шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатудың мүмкін болмауы және өзге де мән-жайлар) байланысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындай алмаған жағдайда, мұндай талаптар тыйым салудың, билік етуге тыйым салудың қолданылуы тоқтатылған немесе өзге де мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде тиісті фактілерді растайтын құжаттар ұсыныла отырып орындалуға тиіс.
- Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұраны қабылдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды), қолма-қол ақша мен құндылықтарды иеленуге және (немесе) пайдалануға алған жағдайда, көрсетілген адамдар мұраны қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды) жабуға және (немесе) қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
- Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері осы баптың 1-тармағында аталған, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, өкілдіктеріне және Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, сондай-ақ көрсетілген ұйымдарға іс-сапарға жіберілген адамдарға көрсетілген ұйымдардағы жұмыс кезеңіне немесе шетелде білім алатын, немесе шетелде тағылымдамадан өтетін, немесе шетелдік іс-сапарда жүрген, немесе шетелде емделіп жатқан адамдарға немесе кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі ретінде не кәмелеттік жасқа толған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы ретінде тиісті адамның шетелде оқуы не емделуі кезеңінде шетелде болатын адамдарға қолданылмайды.
- Осы бапта көзделген мерзімдер ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті өз қалауы бойынша тоқтату туралы өтініш беруге құқылы.
Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы