СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

0

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы бар, онда процессуалдық заңнамаға көптеген түзетулер енгізілген, сондай -ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қатайтты, оған мүлікті тәркілеу, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығын өмір бойына бас бостандығынан айыру және т.б.

Осы заңнамалық инновацияларды жүзеге асыру үшін жаңа мемлекеттік орган құрылды, оның жұмысы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауапкершiлiк пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделеді.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокура- тура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлықты тұғызатын жағдайларды болдырмау үшін сот қызметкерлері соттық нормаларды, мемлекеттік және еңбек тәртіптерін қатаң сақтауды және процессуалдық емес қарым қатынастарды болдырмауды басты назарға алып, осы мақсатта жұмыс жүргізуде.

Сондықтан әрбір адам өз ісін алдын-ала дұрыс жолға қойып, заң талаптарына қарсы келмейтіндей етіп жүзеге асырулары керек және лауазымды адамдарды да заңсыздыққа итермелеп апармауы тиіс.

З.ТАЛМУХАНБЕТОВА, Қордай аудандық сотының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.