«СЫЙЫНАР ЕМ АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ»

0

«№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» 7 наурыз күні әйел қызмет алушылар мен әйел қызметкерлерді «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтау мақсатында «Сыйынар ем АНА деген тәңірге» атты тақырыпта концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Концерттік бағдарламаны орталықтың ер қызметкерлері мен ер қызмет алушылары өткізді. Аталған бағдарламаны орталық директоры Алматаева Айнура Тұрлыбекқызы ашып, барлық апаларды, ұжымдағы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Ән орындап, би билеп, ойындар ойнатылды. Ер қызмет алушылар атынан апаларға гүл шоқтары табысталды. Мерекеге әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің мүшелері келіп, сыйлықтарын табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.