ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ 18-25 АРАЛЫҒЫНДА ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ БАРТЫН ЖӘНЕ АМАСРА ҚАЛАЛАРЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “HALK DANSLARI SÖLENI” ФЕСТИВАЛІНЕ АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПЕДАГОГЫ ТӨЛЕГЕН ҚЫДЫРБЕКТІҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН, ОРТАЛЫҚТЫҢ ДАРЫНДЫ ШӘКІРТТЕРІ ЖАЛҒАС ИТЫГУЛОВ, СЕРІК ӘЛИХАН, ДҮЙСЕБАЙ НҰРИМАН ҚАТЫСҚАН БОЛАТЫН.
Қордайлық жас таланттар фестиваль жеңімпазы атанып қайтты. Фестивальдің алғашқы күнінде Бартын қаласында, Қара теңіздің жағалауында шеру өтіп, Қордайлық жас дарындар Қазақстаннан келген өнерпаздардың алдын бастады. Бартын және Амасра қалаларының көрермендерін орнынан тік тұрғызып, ерекше қошеметке ие болған жас дарындар Бартын провинциясының басшысы Мұхаммед Риза Ялчинкаяның жеке қабылдауында болып, алдағы уақытта Түркия мемлекетінде өтетін түрлі өнер додаларына тегін қатысуға шақырту алды. Сонымен қатар, 3 күнге созылған фестивальде аталмыш қалалардың басшыларының қатысумен өткен мерекелік іс-шараға қатысып, өз өнерлерін көрсетті.