ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0

2025 жылдың 4 тамызында Қордай аумақтық сайлау комиссиясы Үлкен-Сұлутор, Бетқайнар және Қаракемер ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттармен және олардың сенімді өкілдерімен кездесу өткізді.

Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34 бабтарына түсініктеме берді. Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс. Мемлекет кандидаттарға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін сөз сөйлеуге және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні айтылды.

Сонымен қатар, үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні сенімді тұлғалардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.