Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

0

Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы 2020 жылдың 19 қарашасында 15 төсек орындық болып ашылды. Қызмет алушыларға мемлекет тарапынан барлық жағдай қарастырылған. Жеке жатын бөлмелер, 3 мезгіл ыстық тамақ, киім-кешек, дәрі-дәрмек тағы басқасы бар.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы «21» желтоқсандағы №1079 бұйрығымен бекітілген. Осы орайда аталмыш мекеме «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету стандартына» сәйкес 8 бағытта қызмет түрлері көрсетіледі.

Бұл мекемеде қызмет алушы әйелдерге арнайы мамандар психологиялық қолдау, жеке басындағы қиындықтарды еңсеріп, өмірге деген құштарлықтарын оятуға бағыт бағдар берілуде. Сонымен қатар, орталықтың ішкі тәртіп талаптарын түсіндіру туралы ашық сұхбат жүргізіліп отырады.

Орталық мамандарының тағы бір мақсаты – қиын жағдайға тап болған әйелдерді қалыпты өмірге бейімдеу болып табылады. Ол үшін мерекелерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көңілдерін көтеруге тырысады. Мәселен, 1 наурыз – алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым!» атты концерттік іс-шара ұйымдастырылып, оған орталық қызметкерлері және қызмет алушы әйелдер мен балалар қатысып, өлең тақпақтарын айтып, көңіл көтерді. Олар өз кезегінде өздерінің алғыстарын жасырмай, игі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Мерекеңмен Анашым!» атты концерттік бағдарламасы өткізіліп, іс-шара нәзік жанды аруларымызға айтарлықтай қуаныш сыйлады. Балалар аналарына арнап тақпақ-өлең айтып, би билеп оларды қуантты. Сонымен қатар, балақайлар аналарға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын және гүлдерін тарту етті. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Армысың, әз-Наурыз!» атты концерттік бағдарламасы өткізілді. Бұл іс-шарада да орталықтың қызметкерлері және қызмет алушылары белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетті. Балалар наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын айтып, қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс» ойнатылды. Қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының бірі қыз ұзату рәсімі көрсетілді. Наурыз көже пісіріліп таратылды. Күні кеше орталық қызметкерлері, қызмет алушы әйелдер мен балалар бірлесе отырып 1 мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай концерттік іс-шара ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, көк байрағымыз көкке көтерілді. Концерттік бағдарлама ынтымақ, бірлікке жырланған «Ақкөгершін» әнімен ашылды. Алғашқы кезек шашу ретінде өзіміздің қазақтың ұлттық биіміз орындалды. Украин, Өзбек ұлттарының билерін билеп, Абайдың, Мұқағали Мақатаевтың мерейтойларына орай арнайы көрме қойылып, «Ана»  өлеңі мәнерлеп оқылды.

Жоғарыда аталып өткен іс-шаралардың мақсаты қиындыққа тап болған әйелдер мен балалардың қайтадан қалыпты өмірге тезірек бейімделуіне көмектесу болып табылады.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда 4-54-00 тәулік бойы және анонимді түрде +77073731858,  +77780521620 сенім телефондарына хабарласуға болады. Орталықтың қызметкерлері әр азаматшаға көмектесуге дайын.

 

Г.Нүркеева, әлеуметтік педагог

Leave A Reply

Your email address will not be published.