Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 19 мамырдағы №35 ө-ж/қ өкімімен Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 мамырдағы шешімінің негізінде БАЙСАЛ НҰРЛАН АЙДАРҰЛЫ Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Жаңа ауыл әкімін округтің активіне Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл арнайы барып таныстырды. Кездесу барысында Нұрлан Айдарұлының өмірбаяны мен қызметтік тәжірибесі таныстырылып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы алдағы жоспарлар талқыланды.
Байсал Нұрлан Айдарұлы 1992 жылы 12 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылында дүниеге келген.
Ұлты — қазақ.
Білімі — жоғары. 2014 жылы Алматы технологиялық университетін «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2014 — 2015 жылдары Қазақстан Республикасының Иордания Хошимиттік Корольдігінің Елшілігінде консул көмекшісі ретінде бастаған.
2016 – 2017 жылдары «Қордай» Гуманитарлы-экономикалық колледжінің оқытушысы, 2017 – 2018 жылдары Алматы қаласында «Номад-Азия-Экспресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері, 2019 — 2021 жылдары аралығында Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, 2021 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарған.