ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес ҮЙСІМБАЕВ ЕРКІН ҚҰЛЫМБАЙҰЛЫ Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жаңа орынбасарын облыс активіне таныстырып, облысты дамыту жолында бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.
Еркін Құлымбайұлы 1977 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған.
М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инженер-механик», Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетін «құқықтану», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы «Сұлтан тегі импекс» ЖШС-нде механизатор болып бастаған.
Әр жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.
Сондай-ақ, 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде департамент директорының орынбасары, Жастар ісі комитеті төрағасының орынбасары, 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық жаңғырту департаменті жаңғырту бағдарламаларын үйлестіру басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.
Жаңа орынбасар облыстың мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім, спорт, жастар, дін салалары бойынша жетекшілік ететін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.