«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 және 37-баптарына сәйкес, Эльдар Хусейнович Апаев штаттан тыс аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2025 жылғы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қордай ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы сессиясы өткен болатын. Сессия барысында аудан әкімі Бегзат Болатбеков Ассамблея төрағасы болып бекітілді.
Апаев Эльдар Хусейнович Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында дүниеге келді. Ұлты – қарашай.
2013 – 2019 жылдары И.Қ.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. 2019 – 2021 жылдары И.Қ.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясын дипломнан кейінгі білім алу клиникалық ординатурасын «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша аяқтаған.
2022 жылы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2023 жылы Семей медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітіріп, денсаулық сақтау магистрі дәрежесі берілді.
2018 – 2019 жылдары Қырғызстан Республикасында «Не болит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры лауазымынан бастаған. 2019 – 2021 жылдары Қырғызстан Республикасында «Гемотест КТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас дәрігерінің орынбасары, Бас директор қызметтерін атқарды. 2022 жылы Қордай АОА Сортөбе ауылдық ауруханасына жалпы практикалық дәрігер болып қабылданды. 2023 жылдың қазан айында Ауқатты дәрігерлік амбулаториясына аға дәрігер ретінде ауыстырылды. 2023 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін Қордай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің эпидемияға қарсы жұмыс бойынша орынбасары.
«AMANAT» партиясының мүшесімін, Қордай аудандық мәслихатының депутаты, Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Үйленген, 2 баланың әкесі.