Қордай ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №190ө-ж/қ өкімімен Урустемов Талгат Болатович Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Урустемов Талгат Болатович 1987 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі–жоғары.
2009 жылы Қырғыз мемлекеттік сәулет және көлік құрылысы университетін инженер мамандығы бойынша, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін құқық мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде нұсқаушы қызметінен бастаған.
2011-2012 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі, 2011-2015 жылдары «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық филиалында консультант, сектор меңгерушісі, 2016-2018 жылдар аралығында Қордай аудандық мәслихаты аппаратында әдіскер, мұрағатшы, бас маман-заңгер, Қордай аудандық сотында сот кеңсесінің бас маманы, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, 2018-2021 жылдар аралығында Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.