ТАЛАПҚА БАҒЫНБАҒАН АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

0

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны артып жатқанына барша жұрт куә. Қауіпті індеттің таралуы бойынша Жамбыл облысында Қордай ауданы алдыңғы қатарда. Алайда, карантиндік шаралар күшейтіліп жатқанына қарамастан босаңсып, санитарлық талаптарға немқұрайлық танытып жатқандар жетеді. Осыған байланысты дүйсенбі күні аудандық мобильдік топ өкілдері рейдке шықты.

Еске сала кетсек, аудан бойынша арнайы  жасақталған 4 мобильдік топ құрылған болатын. Оның құрамына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және санитарлық қызмет өкілдері, сонымен қатар өзге де азаматтар кірді. Мобильдік топ өкілдері тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды атқаруда. Тексеру жұмыстарының басты мақсаты – карантин режимі тәртібінің, санитарлық талаптардың сақталуы.

Дүйсенбі күні өткен рейдте мобильдік топ өкілдері бірінші кезекте сауда орындарын және дәмханаларды тексерді. Рейд барысында бірнеше нысандардың белгіленген талаптарды ескермей жұмыс істегені анықталып, қатаң ескертулер айтылды.

Осыған байланысты аталмыш топ мүшелері аудан тұрғындарын, әсіресе кәсіпкерлерді карантин талаптарына немқұрайлық танытпауды сұрайды. Ал, карантин талабын орындамандарға айыппұл салынады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.