Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Тараз» футбол клубының жаңа маусымға арналған жаңартылған құрамының ресми таныстырылымы өтті.

0

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Тараз» футбол клубының жаңа маусымға арналған жаңартылған құрамының ресми таныстырылымы өтті. Маңызды шараға клуб жанкүйерлері, ардагер ойыншылар, қазіргі футболшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналып, жаңа маусым алдындағы басты жаңалықтарға куә болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кеш шынайы футбол мерекесіне айналды. Көрермендерге клубтың өткен жолы мен бүгінгі бағытын ұштастырған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Арнайы дайындалған бейнероликтер арқылы жанкүйерлер клуб тарихына тағы бір үңіліп, жаңа маусымға жасақталған құраммен танысты.

Айта кетерлігі, биыл «Тараз» клубы өз тарихында алғаш рет ресми маскотын таныстырды. «Родной» деп аталған жаңа символ клуб гимнімен сахнаға шығып, жанкүйерлермен ерекше форматта жүздесті. Бұл – клубтың брендтік бейнесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.