Тараз қаласында көші-қон қызметтері орталығының жұмысы тоқтатылады

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 11 ақпанынан бастап Тараз қаласы, Талас шағын ауданы, 2 мекенжайында орналасқан көші-қон қызметтері орталығы өз жұмысын тоқтатады.

Бөлімшенің жабылуы жұмыс жүктемесін (қызмет көрсету көлемін) қайта бөлу шараларына байланысты қабылданған. Бұл ретте көші-қон қызметтері орталығында бұрын көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтерді азаматтар тұрғылықты жеріне қарамастан, кез келген басқа халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұлдың айтуынша, аталған бөлімге азаматтар негізінен маусымдық кезеңдерде жүгінеді. Өзге уақытта келушілер саны төмен, себебі тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді қалалық ХҚКО-лардан алады. Осыған байланысты бөлімшенің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған.

Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында 4 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді: Әулиеата аудандық №1 ХҚКО– Төле би көшесі, 89 Г; Әулиеата аудандық №2 ХҚКО– Ұлы дала ш.а, 137; Жібек жолы аудандық №1 ХҚКО – Алатау шағын ауданы, 16 А; Жібек жолы аудандық №2 ХҚКО – Абай көшесі, 232.  Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар,  Әулиеата ауданының №2 халыққа қызмет көрсету орталығы кезекшілік кестесіне сәйкес жұмыс істейді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Бұдан бөлек, қалада 2 мамандандырылған ХҚКО бар: №1 мамандандырылған ХҚКО – Төле би көшесі, 198А; №2 мамандандырылған ХҚКО – Қойгелді көшесі, 158А. Екі мамандандырылған орталық та кезекшілік кестесіне сәйкес жұмыс істейді: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.