ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ МІНДЕТ

0

Қазіргі таңда елді мекендердің көркі мен санитарлық ахуалы әрбір тұрғынның жауапкершілігіне тікелей байланысты. Әрбір аула иесі өз үйінің маңайындағы тазалыққа, яғни жанама аумақтағы қоқысқа да жауапты екенін ұмытпауы қажет. Бұл – тек жеке басына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ мәдениеттің көрінісі.

Өкінішке қарай, кейбір тұрғындар қоқысты белгіленбеген жерге шығарып тастап, айналаның ластануына себепкер болуда. Мұндай әрекеттер тек экологияға ғана емес, тұрғындардың денсаулығына да зиян келтіреді. Сондықтан әрбір үй иесі арнайы қоқыс шығаратын мекемемен келісім-шарт жасап, қоқыс жинау тәртібін сақтауы тиіс.

Қоқысты үйдің сырт жағына шығарып тастау дұрыс емес. Қоқыс шығаратын мекеме белгіленген күн мен уақытта келгенде ғана, қоқысты ауладан шығарып беру қажет. Бұл – санитарлық талаптар мен көршілермен сыйластықты сақтаудың белгісі.

Тазалық – тәртіптің, мәдениеттің айнасы. Өз үйіміздің, ауланың, көшенің тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, балаларымызға жарқын болашақ пен жайлы орта сыйлаймыз. Туған жеріміздің таза әрі көрікті болуы – бәріміздің ортақ парызымыз.

Қордай ауылдық округі әкімі аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.