Тең құқықтар және тең мүмкіндіктер

0

Гендерлік саясат — қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл — қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет екені белгілі.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті — отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру.

Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» атты заңдармен реттеледі. Бұл заңдар азаматтардың мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Гендерлік саясат әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет.

Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер- азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Халықаралық ареналарда әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Жалпы, әйел заты қазақ қоғамында қашанда ардақты саналған.

Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетіні сөзсіз. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процестеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал ететіні сөзсіз.

К.Қабылтай, Қордай аудандық соты әкімшісінің бас маман – сот отырысының хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.