«Тегін білген текті елдің ұрпағымыз»

0

Дана бабаларымыз адал ғұрпын, дархан көңілін, мұнтаздай таза тілін, әсем әні мен қоңыр күйін, мәйекті мәдениеті мен бай әдебиетін қоса сақтап, ұрпағына аманаттай білді. Тамырын да тарихын да, күш қуатын да ұлы даладан алатын, көптеген этнос өкілдері татулық пен келісімде, береке-бірлікте бірге өмір сүріп жатқан дәл осындай елдің ұлы мен қызы болу – әр Қазақстандықтың маңдайына жазылған шексіз бақыт.

Ерлік пен елдікті ту еткен, жасампаздықты жалау еткен халқымыздың дербес мемлекет құрғанының отыз екі жылдығы қарсаңында, тәуелсіздіктен тағылым алу үшін түрлі ұлт өкілдерінің арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тілін, ұлттық тағамдарының жалпы құндылықтарын насихаттау мақсатында 7-8 қазақ, орыс сыныптарының арасында «Тегін білген –текті елдің ұрпағымыз» этно ауылдық сайысы өтті.

«Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман», деп жазушы Әзілхан Нұршайықов бағалағандай бес этно ауыл болып оқушыларымыз салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, жалпы құндылығын көрсетті. Осы іс-шара барысында «Бәйтерек» этно ауылы қазақтың тұсау кесер салтын көрсетіп, бауырсақ нанының жасалу жолын айтып өтті. «Атамекен» этно ауылы бесікке салу рәсімімен бөлісіп, бесік жырымен жалғастырды. Бауырынан табақ алу салтын «Құтты мекен» этно ауылы көрсетсе, жасы үлкеннен баланың бата алуын «Қарасу» этно ауылы көрсетіп, үлкенге ізет, кішіге құрмет жасауды насихаттады. «Ақ орда» этно ауылы ауылдың алты ауызын шырқап, қазақтың асылған ет тағамын, табақтың жасалуын айтты. Оқушыларымыз көп ұлтты  болғанына қарамастан, қазақы ауылдан қазақтың салт-дәстүрін, тілін, әдеп-ғұрпын, жалпы құндылығын сіңіргендігін, және қастерлеп, құрметтейтіндігін көрсетті. Аталған іс-шараға мектебімізде ашылған дана әжелер клубының әжелері әділ қазы болып,  бағалап  бес этно ауылды достық жеңісімен марапаттады.

А.ЖОЛШЫБЕКОВА, №7 Александр Пушкин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.