ТЕЛЕФОН АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

0

Соңғы уақытта заманауи технологияларды пайдалана отырып, телефон арқылы алаяқтық жасау әрекеттері жиілеп кетті.

 

Қаскөйлер өздерін құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, адамдардан жеке мәліметтерін тексеруді немесе банк жұмысындағы ақаулар туралы айтып, жаңылыстырады.

«Сізді ұялы байланыс операторы мазалап тұр, SIM-картаңыздың мерзімі аяқталып келеді. Егер алдын ала қамданбасаңыз, онда сіздің нөміріңіз бұғатталады. Қызметті ұзартқыңыз келе ме?», — белгілі телекомпаниялардың жалған қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалып, осындай сұрақтар қояды. Көптеген қазақстандықтар жыл басынан бері телефон алаяқтығының осы түріне тап болды.

Егер сіз алаяқтардың сұрағына оң жауап берсеңіз, онда қоңырау шалушылар SMS-кодты айтуды және басқа да жеке деректерді беруді сұрайды. Оларға мұндай ақпарат жәбірленушінің банктік шотын бұзу немесе оның атына жалған кредит ресімдеу үшін қажет. Сонымен қатар, алаяқтар телефон шалған кезде адамды асықтырып, тезірек дегеніне жету үшін тіпті оларды қорқыта бастайды. Не істеу керек?

Егер олар құпиясөздер, логиндер, SMS-кодтар және басқа да жеке деректерді (ЖСН, жеке куәлік немесе паспорт нөмірі, төлем картасының деректемелері: картаның артқы жағындағы үш таңбалы код (CVV/CVC-код), оның нөмірі, қолданылу мерзімі және т.б. ақпаратты) сұраса, олар өзін кім деп таныстырса да бөгде адамдарға сенбеңіз.

Бейтаныс адамдардың нұсқаулары бойынша вирустық, шпиондық немесе үшінші тараптарға құрылғыны қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін қосымшаларды (мысалы, AnyDesk немесе TeamViewer) жүктемеңіз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.