Қазақстан Республикасының әрбір азаматтары мемлекеттік тілге зор құрметпен қарау керек. Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі–мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл. Қазір сот саласы тек қана қолжетімділігі мен ашықтығымен ғана емес, құжат алмасу да мемлекеттік тілді қолдануымен дараланады.
Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық құжаттама мемлекеттік тілде қалыптасуы тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Сот ісін жүргізу азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер қазақ тілінде және сонымен қатар ресми түрде орыс тілі жүргізіледі, ал заңдарда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылатыны белгілі.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленгені атап өтілді. Бір іс бойынша іс жүргізу бастапқыда белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткіліксіз білетін іске қатысушы адамдарға өтініш жасау, түсініктеме мен айғақ беру, өтініш білдіру, шағым беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде сөз сөйлеу, аудармашының қызметін осы заңнамада белгіленген тәртіппен тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
Ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның мәртебесі мен маңыздылығын кеңінен насихаттау керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар реттейтiн нормалар. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды ұмыту,» – деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан ана тіліміздің қадірін ақсатпай, мәртебесін көтере білейік.
А.АЛЬХАНОВА, Қордай аудандық сотының бас маманы