Тіл – ең асыл құндылық

0

Тіл — халықтың жаны. Тіл — қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі.қатынас құралы. Шапса қылыштай өткір болатын,жылы қолданса жыланды інінен шығаратын әмбебап құрал.ал осы құралдың тазалығы оны қолданушының рухани жетілуінің көрсеткіші.

Міне,осы орайда ана тіліміз жайлы ойлану әрқайсымыз үшін парыз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі,бірі-тіл,бірі-ділің жүректегі» — деп,Ж.Баласағұн айтқандай,алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат пен азаматша, мемлекеттік тіл-қазақ тілін өзіне тірек етіп,ол тілді жүрегімен сүюі тиіс және мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуы қажет.

Қазақ тілі — әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі көп,сөйлеу стилі сұлу,ерекше тіл.

Тіл тазалығы дегеніміз не? Қазіргі уақытта өзекті мысалмен түсіндірсек,шала қазақша сөйлемеу. Өзге тіл сөздерін,жаргон сөздерді сөйлемге араластырмау. Әрине,өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте деген қанатты сөз бар. Көп тіл білу де көп қараның бойына біте бермейтін асыл қасиет. Бірақ сол тілдерді бір сөйлемге қосып сөйлеу орасан зор қауіп тудырады. Қазақта «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»деген керемет нақыл сөзде айтылғандай,тілдің құдыретін бүгінгі жас ұрпақ ерте сезінуі керек.Алға қойған мақсаттары бар,ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр,жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана Мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды.

Олай болса ата-бабаларымыз салған сара жолдан таймайық, елдігімізбен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі-Мәңгілік Ел,Мәңгілік тіл! Ол-барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде!Тіл тағдыры-ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!

Айгерім Сыдықжан, Қордай ауданы   әкімдігінің және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.