«Біздің, бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор-мемлекеттік тіл» сондықтан тіл мәселесіне баршамыздың қолдау көрсетуіміз қажет.Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні екендігін ұмытпау қажет.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіл Қазақстанның бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, мәдениет, денсаулық сақтау басқармасында және барлық қызмет көрсету салаларының іс жүргізу тілі екенін атап өту қажет.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 11 бабының талаптарына сәйкес, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледі.
Сонымен қатар, тіл мәселесі ұлт руханиятының алтын қазығы болғандықтан мемлекеттік тілге ерекше мән беріп отыр. Алайда осы күнге дейін банктік заем шарттарының осы күнге дейін тек орыс тілінде түзілетіні белгілі.
Мемлекетіміздің ажырамас атрибуттарының бірі, мемлекеттік рәміздермен қатар мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқарудың, заңнаманың сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі, кез-келген мемлекеттің аумағында барлық қоғамдық қатынастар аясында әрекет етеді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді меңгерген халықтың санын 95 пайызға дейін арттыруды болжаған, тілдерді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының әр азаматы мемелкеттік тілді білуі парыз, ол халықты нығайтудың маңызды факторы. Тіл коммуникативтік қызметті орындайтын қоғам сипаттамасының бірі болып табылады. Тіл – мемлекеттіліктің кепілі. Президент айтқандай: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің дамуына барлық мүмкіндіктерді жасап жатыр. Қазіргі таңда қазақ тілі ерекше мемлекеттік статусқа ие».
Сонымен қатар, сотта мемлекеттік тілді қолдану және дамыту бойынша іс-шаралар жоспары жасалған, осыған байланысты тұрақты негізде дөңгелек үстел, семинар секілді іс-шаралар өткізіліп, БАҚ беттерінде мақалалар жарияланып тұрады.
Тіл – Қазақ елінің консолидаторы болу керек. Ол үшін, қазақстандықтар сөйлейтін басқа тілдерді бұзбай, сауатты және тұрақты түрде тіл саясатын жүзеге асыру қажет екендігін атап айту керек.
Е.Ілиясов, Қордай аудандық сотының төрағасы