ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

0

Аты алашқа әйгілі Ноғайбай бидің есімі берілген Ноғайбай ауылының бүгінде ажары ашылып, сәні кірген шағы. Көктемгі тазалық науқаны кезінде ауыл іші мұнтаздай тазаланса, енді ауылдық округке кіре берісінде сол көрікті еселей түскен әдемі арка бой көтерді.

Арканын бергі бетінде НОҒАЙБАЙ жазуы жазылса, екінші бетінде СӘТТІ САПАР делінген, сонымен қатар биіктігі алты метрлік нысанның дәл үстінде еліміздің көк байрағы менмұңдалап тұр. Бейсенбі күні Ұлы Жеңістің 76-жылдығының қарсаңында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай аталмыш арканың ашылу салтанаты өтті. Жиынға Ноғайбай, Сарыбастау және Шарбақты ауылдарының ақсақалдары, аудандық мәслихат депутаты, ауылдық әкімдіктің қызметкерлері, ауыл имамы және өзге тұрғындар қатысты.
Былтыр басталған арканың құрылысына қажетті қаражатты «Алтын дән» шаруа қожалығы бөліп берді. Сырты травентинмен қапталып, ою-өрнекпен әшекейленген арканың құрылысына жалпы 5 млн теңге жұмсалыпты. Бұл онсызда ауылдық округте демеушілігімен, жаңа бастамашылдығымен көзге түсіп жүрген «Алтын дәннің» ауылға тартқан сыйы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.