ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕЙІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ 1 СӘУІРДЕН ҚОСЫМША ИНДЕКСТЕЛЕТІН БОЛАДЫ

0

Ұлттық Банк 2022 жылға арналған болжамды инфляция дәлізін қайта қарады. Ұлттық Банктің деректері бойынша инфляция деңгейі осы жылдың соңына дейін 8-10% – ға жетуі мүмкін (бұрын инфляция бойынша болжам 4-6% — ды құраған).
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын барлық әлеуметтік төлемдер (зейнетақы және жәрдемақы) инфляция деңгейін ескере отырып индекстеледі.
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
• айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі-АЕК) мөлшерлері – 3180 теңге;
• ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшері– 48 032теңге;
• ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерлері (бұдан әрі-КД) – 37 389 теңге;
• ең төменгі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 20191 теңге болып бекітілді.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап инфляцияның 2022 жылға арналған дәлізін қайта қарауды ескере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ынтымақты зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4% — ға индекстелетін болады, базалық зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің мөлшерлеріне өзгеруіне байланысты арттырылатын болады. Аталған мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 111 млрд теңге бөлінеді. Бұл ретте өткен уақыт үшін ағымдағы жылдың сәуірінен бастап барлық әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақы жүргізілетін болады..
Мысалы, егер бүгінгі күні нақты алушының жасына байланысты зейнетақысының мөлшері 73 000 теңгені құраса, онда қосымша индекстеуді ескере отырып, 1 сәуірден бастап оның мөлшері 75 920 теңгені құрайды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшеріне келетін болсақ, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайыздық арақатынаста белгіленеді.
Мысалы, егер базалық зейнетақының мөлшері 28 жыл өтілі кезінде бүгінгі күні КД – нің 90%-ын немесе 32 417 теңгені құраса (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап КД-36 018 теңге), сәуір айынан кейін ол 1234 теңғеге көбейіп 33 651 теңгені құрайды (2022 жылғы 1 сәуірден бастап КД-37 389 теңге).
Сол сияқты жәрдемақылар да арттырылатын болады.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де ең төменгі күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің шамасына қарай белгіленеді. Осыған байланысты балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері мынандай түрде артады.
Мысалы, бес баласы бар көпбалалы отбасы жыл басынан 20,04 АЕК немесе 61383 теңге мөлшерінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алды. 2022 жылдың 1 сәуірден АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты осы жәрдемақының мөлшері 63 727 теңгені құрайды, яғни жыл басынан алынған жәрдемақы мөлшеріне 2344 теңгеге көбейеді.
Сондай-ақ, бала туған кезде отбасына баланың кезегіне байланысты жәрдемақының екі түрі төленеді. Үшінші бала туылған отбасына:
бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 1 сәуіргедейін 116 394 теңгені құраса, 1 сәуірден бастап 120 840 теңгені құрады;
бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы, оның мөлшері 1 сәуірге дейін 24 045 теңгені құраса, 1 сәуірден бастап 24 963 теңгені құрады.
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына ай сайын мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға жәрдемақы төленеді, оның мөлшері 1 сәуірден бастап 1919 теңгеге көбейіп, 52 345 теңгені құрады,.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапаталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға 1 сәуірге дейін 19 604 теңге мөлшерінде, осы жәрдемақының мөлшері 1 сәуірден бастап 20 352 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Сондай-ақ, баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (2022 жылғы 1 сәуірде және одан кейін туған) және мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылған АЕК-тен есептелген жерлеуге арналған бір жолғы төлем (қайтыс болған күні 2022 жылғы 1 сәуірде және одан кейін) АЕК-тің жаңа мөлшерін ескере отырып қайта есептелетінін атап өткен жөн.
2022 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4% — ға арттырылды.
Мысалы, еңбек ету қабілетінен айрылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2021 жылы 36 409 теңгені құраса, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 5% — ға индекстеуді ескере отырып, ол 38 230 теңгені құрайды, индекстеу кезінде 4% — ға — 39 758 теңгені құрайды.
Мысалы, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлеммөлшері 2021 жылы 36 354 теңгені құраса, ағымдағы жылғы 1 қаңтарданбастап 5% индекстеудіескереотырып, ол 38 171 теңгеніқұрайды, қосымшаиндекстеукезінде 4% — ға осы төлем мөлшері 1 сәуірденбастап 39 698 теңгені құрайды.
Жаңа сомалардағы төлемдер ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында төленген зейнетақылар мен жәрдемақылар сомасына айырмашылықты қосымша төлеуді ескере отырып, 2022 жылғы маусымда жүзегеа сырылады.

Д.А. АМИРЕЕВ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Қордай ауданының бөлімі басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.