«Зерде» Соғандыда

0

Қордай аудандық мәдениет үйіне қарасты «Зерде» жылжымалы киноқондырғы автоклубының жетекшісі Зураш Бурумбаеваның ұйымдастыруымен шалғай жатқан Соғанды ауылында «Қош келдің Наурыз» атты мәдени іс-шара өткізілді. Аудандық жез таңдай әншілері Ұлдан Шалабаева, Ұлан Әшімов, Ғалия Иманбаева, Аманғали Сәндібектің әндері тыңдалып, соңы ұлттық ойындарға ұласты. Балалар арасында асық ойыны, ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы арасында арқан тартыс, наурыз көжеден жарыс өткізілді. Жеңімпаздарға З.Бурумбаева сыйлықтарын табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.