Жүрек – өмірдің өзегі. Оған қамқор болу – өзіңізге қамқор болу.
Жүрек-қан тамырлары аурулары — әлем бойынша өлім мен мүгедектікке әкелетін ең басты себептердің бірі. Жүрекке күтім жасау — бұл жай ғана маңызды емес, бұл – қажеттілік.
Жүрекке не зиян?
- Артық салмақ – жүрекке артық жүктеме түсіреді. Семіздік кезінде гипертония қаупі 6 есе жоғарылайды.
- Алкоголь мен темекі – қан қысымын арттырып, тамырлардың түйілуіне себеп болады.
- Қозғалыссыз өмір салты – гипертония қаупін 20–50% арттырады.
- Тұздың шамадан тыс мөлшері мен дұрыс тамақтанбау – жоғары қан қысымы мен атеросклерозға әкеледі.
- Стресс, мазасыздық, депрессия – жүрек ауруларының даму қаупін екі есеге арттырады.
Жүрек көмек сұрайды. Қандай белгілерге назар аудару қажет?
- Бас ауруы, желке тұсындағы ауырлық
- Жүктеме кезінде немесе тыныштықта кеуденің ауырсынуы
- Тыныштықта да пайда болатын ентігу
- Аяқтардың ісінуі
- Көз алдында «шіркейлер» ұшып жүруі, тұман
Егер осы белгілердің бірі сізде орын алса — дәрігерге көрінетін уақыт келді!
Жүректі қалай күтеміз?
- Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстаңыз
- Темекіні тастаңыз, алкогольді барынша шектеңіз
- Тұз бен майды азайтып, көкөністер мен жемістерді көбейтіңіз
- Қозғалыңыз! Күніне 30 минуттық жеңіл жаттығудың өзі жеткілікті.
- Стресс пен уайымды басқаруды үйреніңіз – тыныс алу техникасы, демалыс, медитация көмектеседі.
- Дәрігерге тұрақты қаралыңыз – қан қысымыңызды, холестеринді, қант деңгейін тексертіңіз, ЭКГ жасаңыз!
Жүрегіңіз – жалғыз. Оған қамқор болыңыз!
Өзіңізді жақсы көріңіз — бұл жүректі сақтаудың алғашқы қадамы.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы