Іс-шара барысында Жаңатұрмыс ауылының әкімі А. Бірімқұлов сөз сөйлеп, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің маңыздылығына тоқталды. Ол реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі С. Италмасов өз пікірін білдіріп, конституциялық жаңғырудың қоғам дамуындағы рөліне назар аударды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.