ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАР-АЙ!

0

12 тамыз күні БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысымен Халықаралық жастар күні ретінде бекітілген. Бұл күнді атап өту елімізде де игі дәстүрге айналды.

Осыған орай 12 тамыз күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жалындаған жастар-ай!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Жиынға ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген, түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар шақырылды. Мекеме басшысы Расул Беделбаев жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар ол елімізде мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті.

— Қазіргі таңда жастар үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Оны жастар сезініп жатыр деп ойлаймын. Сіздер Қордай ауданының дамуына өзіндік үлес қосып жатырсыздар. Ертеңгі күні сіздер еліміздің абыройын асхақтататын, білікті де білімді маман, қызметкер болуын тілеймін, — деген Расул Базарбекұлы жастарды марапаттау рәсіміне көшті.

Осы күні Раушан Жаналиева, Дамир Тынышқұл, Мақсат Тұрақбай, Жандос Бимұхамет, Әлішер Аяпберген және Айбек Нәкенге «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының Алғыс хаты және бағалы сыйлықтары табысталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.