ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚАУЛЫ

0

2024 жылғы «11» қазан                              №5

№3 және №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №3 және №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Қордай шамшырағы» аудандық газетінде жариялансын және Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

Төраға                                                           А.Сырлыбаев

Хатшы                                                          Г.Ниязгулова

Leave A Reply

Your email address will not be published.