Жамбыл облысында 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны белгіленген жоспарға сай кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

0

Жамбыл облысында 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны белгіленген жоспарға сай кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл – елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі әрі әрбір азаматтың конституциялық борышы, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Науқан аясында жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер, сондай-ақ медициналық ұйымдар бірлесе отырып, шақырылушыларды іріктеу, медициналық куәландыру және әскер қатарына жөнелту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін жас сарбаздармен толықтыру да қатар атқарылуда.

Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, әскерге шақырудан кейінге қалдыру немесе босату нақты негіздер бойынша ғана қарастырылады. Атап айтқанда, білім алу, денсаулық жағдайы, отбасылық себептер және өзге де заңда белгіленген жағдайлар ескеріледі. Мұндай шешімдер тек шақыру комиссиясының қорытындысымен қабылданып, ұсынылған құжаттар жан-жақты тексеріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.